Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Отбасынан көмек сұраған ер адам күтпеген жерден миллионер атанды
АҚШ-тың Солтүстік Каролина штаты, Солсбери қаласының тұрғыны отбасы мүшелеріне лотерея ұтысына қатысу үшін сандарды таңдауға мүмкіндік беріп, күтпеген жерден джекпот ұтып алды.
11:41 22.05.2020
Джонатан Гонсалез (Jonathan Gonzalez) жанармай бекетінде лотерея билетін сатып алуға шешім қабылдаған кезде өзінің әжесінен, атасынан, әкесінен, апасынан және ағасынан көмек сұраған.
"Мен олардың әрқайсысынан 1-ден 69-ға дейінгі сандарды таңдауын өтінді және сол сандарды билетке жаздым", - деді Гонсалез.
Отбасы атаған бес сан ұтыс нәтижесімен сәйкес келді және ер адам миллион доллар жүлдеге ие болды. 18 мамырда Гонсалез өз жүлдесін алды. Ол бұл ақшамен ипотеканы төлеуді және жеңуіне көмек көрсеткен отбасы мүшелеріне көмектесуді жоспарлап отыр.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram