{metadescription}
Атырауда жоғалып кеткен бір жарым жасар сәби өлі табылды

Атырауда жоғалып кеткен бір жарым жасар сәби өлі табылды

Атырауда екі күн бұрын жоғалған 1,5 жасар баланың денесі септиктен табылды.

Бүгін бұл деректі облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі растады. «Жұлдыз» шағынауданындағы үйінен шығып, қайта оралмаған балақай қоқыс астындағы септикке түсіп кеткен. Кішкентай бүлдіршінді іздеуге полиция қызметкерлерімен бірге, еріктілер, Ұлттық ұлан сарбаздары мен төтенше жағдай қызметінің мамандары, қызметтік иттер тартылған еді.

«Балақай өз үйінің ауласындағы кәріз резервуарынан табылды. Резервуар қоқыс астында болған», - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, 20 мамырда түстен кейін 1,5 жасар сәби үйден шығып, із-түссіз жоғалып кеткен болатын.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде