{metadescription}
Қазақстанда 25 мамырдан бастап барлық қалалар арасындағы әуе қатынасы іске қосылады

Қазақстанда 25 мамырдан бастап барлық қалалар арасындағы әуе қатынасы іске қосылады

Қазақстанның барлық қалалары арасындағы әуе қатынасы 25 мамырдан бастап қалпына келтіріледі, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Еліміздің барлық әуежайлары жұмыс істей бастайды, ал әуе компаниялары санитарлық-карантиндік шараларды сақтай отырып, рейстер санын дербес белгілейтін болады.

«Ұшақтар Көліктегі бас санитарлық дәрігер белгілеген санитарлық қауіпсіздіктің жоғары шараларын сақтай отырып, яғни жеке қорғаныс құралдарын пайдаланумен, сенсор термометрмен дене қызуын өлшеу, әлеуметтік қашықтықты сақтау арқылы ұшады және әуежайлар мен ұшақтарда күшейтілген залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі», - делінген хабарламада.

Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия шешіміне сәйкес, 25 мамырдан бастап Атыраудан республиканың өзге қалаларына келесі бағыттар бойынша әуе рейстері қайта ашылады.

  • «Эйр Астана»: Атырау–Алматы, Атырау–Нұр-Сұлтан бағыттарына аптасына 7 рейс;
  • «SCAT»: Атырау–Нұр-Сұлтан бағытына аптасына 5 рейс, ал 1-маусымнан бастап – 7 рейспен ұшады; Атырау – Ақтау бағытында аптасына 7 рейс, ал 1-маусымнан бастап 14 рейс орындайды.
  • «Qazaq Air»: Атырау-Ақтау, Атырау-Ақтөбе, Атырау-Орал бағыттарында аптасына 4 рейстен; Атырау-Шымкент бағытында аптасына 7 рейс жасайды.
  • «Fly Arystan»: 1 шілдеден бастап Атырау-Шымкент бағытында аптасына 3 рейс орындайды.

Рейстер әуе компаниялардың ресми сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.