{metadescription}
1 маусымнан бастап Нұр-Сұлтанда барлық балабақша ашылады

1 маусымнан бастап Нұр-Сұлтанда барлық балабақша ашылады

Нұр-Сұлтан білім басқармасы 1 маусымнан бастап барлық балабақша мен қосымша білім беру ұйымының жұмысын штаттық режимде жалғастыру жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова мәлімдеді. 

«18 мамырдан бастап меншік нысанына қарамастан барлық мектепке дейінгі ұйымдар санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, өз жұмыстарын бірінші кезекте баланы үйде қалдыруға мүмкіндігі жоқ, жұмыс істейтін ата-аналар үшін, ата-аналардың қалауы бойынша «кезекші топтар» режимінде қайта бастады. Бүгінгі күні балабақшаларда балалар саны – 4134. Бұл – жалпы балалардың 7,4 пайызы», - деді Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Facebook парақшасында онлайн режимде өткен баспасөз мәслихатында.

Басқарма басшысының айтуынша, 1 маусымнан бастап барлық балабақша мен қосымша білім беру ұйымы штаттық режимде, яғни қалыпты жағдайда жұмыстарын қайта бастауды жоспарлап отыр. Оның айтуынша, мектепке дейінгі ұйымдарға дайындыққа қатысатын балалар 1 тамызға дейін балабақшаларға барады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

05 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.