{metadescription}
Медқызметкер коронавирустан кейін күрт өзгерген денесін көрсетті

Медқызметкер коронавирустан кейін күрт өзгерген денесін көрсетті

Калифорниядағы Сан-Франциско қаласындағы медқызметкер COVID-19-ды жұқтырып, аурудың оның денесіне қалай әсер еткенін суретте көрсетті: ер адам 23 килограмм тастады.

Сан-Францисколық медқызметкер Майк Шульцтің айтуынша, ол ауруды наурыз айының басында Майамиде болған кеште жұқтырған, онда санитарлық талаптар сақталмаға. Бірнеше күннен кейін Шульцтің температурасы 39 градусқа көтеріліп, өкпесі сұйықтыққа толды. 16 наурызда медқызметкер ауруханаға түсті.

"Мен барлығына алты апта бойы жасанды өкпе желдету аппаратымен емделудің қаншалықты қорқынышты екендігін көрсеткім келеді. Коронавирус пневмониясына байланысты өкпемнің көлемі күрт төмендеді. Сегіз аптадан астам уақытқа мен отбасымнан және достарымнан алыс болдым", - деп жазды ол инстаграмдағы парақшасында, емделуге дейінгі және одан кейінгі суреттерді жүктеп.

Шульц ауруханада суретке түсу қиын болғанын мойындады. Ер адамның айтуынша, әлсіреген және дірілдеген қолдары үшін смартфон тым ауыр болған.

"Емдеуден кейін менің салмағым 63 келіні құрады, ал ауырғанға дейін 86 келі салмақта едім. Мен бұл аурудан қатты зардап шегу үшін тым жаспын деп ойладым", - дейді Майк.

Медқызметкер оның оқиғасы жас және дені сау адамдарға пандемияға аса мән беруге септігін тигізеді деп үміттенеді, өйткені ешкім індеттің ауыр зардаптарынан құтыла алмайды. Қазір Шульц үйіне оралды және өзін жақсы сезінеді. Әлеуметтік желілерде ол денесін бұрынғы күйіне қайтару үшін көп жұмыс істеуге ниетті екенін айтты. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қытай дәрігерлері COVID-19-ды жұқтырып, терілері қарайып кеткен, бірақ кейінірек олар қалпына келе бастады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.