{metadescription}
Арнайы дайындық қажет емес - астаналықтарға жұмыс ұсынылды

Арнайы дайындық қажет емес - астаналықтарға жұмыс ұсынылды

Елорда әкімдігі қоғамдық жұмыстарға адам қабылдай бастады.

Жалақы көлемі 73 100 теңге шамасында болатыны айтылып отыр. Елорда әкімдігі қоғамдық жұмыстарға адам қабылдай бастады. Суға шомылу маусымы аясында ақша табуға мүмкіндік бар. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сәйкес, қоғамдық жұмыстың негізгі мақсаты – жағажайларда патруль жасау және халықтың қауіпсіздігін бақылау. Құтқарушылардың айтуынша, ондай жұмысқа арнайы дайындықтың қажеті жоқ. 

"Жағажай патрулі кезекпен жұмыс істейді. Ал жалақының көлемі - 73 100 теңге. Қызығушылық танытқан тұрғындарды жұмыспен қамту орталығына шақырамыз. Суға шомылу маусымы кезінде қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлесіңізді қоса аласыз", - дейді мамандар.

Айта кетейік, халықты жұмыспен қамту орталығы Бейбітшілік көшесі, 25 (кабинет 202/2) мекенжайы бойынша орналасқан. Байланыс телефондары: 8 7172 55 89 35, 8 778 577 46 92.

Дереккөз: sputniknews.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.