{metadescription}
7 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

7 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазгидромет 23 мамырда еліміздің 7 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады. Шығыстан жел соғады, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде желдің күші 15-20 м/с жетуі ықтимал.

Қостанай облысыныңкей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Оңтүстіктен жел соғып, жылдамдығы 18 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысыныңкей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік, солтүстік-батыстан соғады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетуі ықтимал.

Маңғыстау облысында кей жерлерде найзағай, күндіз шаңды дауыл соғады. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы 15-20 м/с жетуі ықтимал.

Күндіз Ақтөбе облысындаоңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысыныңбатысында найзағай күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-100 %.

Дереккөз: Қазгидромет

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде