{metadescription}
Қазақстан-Түркия авиарейстері маусым айының соңында жандануы мүмкін

Қазақстан-Түркия авиарейстері маусым айының соңында жандануы мүмкін

Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе рейстері маусымда ашылуы мүмкін. 

Бұл мәселені Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов пен Түркияның көлік және инфрақұрылым министрі Адил Караисмаилоглу телефон арқылы талқылады.

"Министрлер екі елде де эпидемиологиялық жағдай жақсарса, барлық санитарлық талаптарды сақтап және жолаушылар үшін қолайлы жағдай жасай отырып, биыл маусым айының үшінші онкүндігінде әуе рейстерін қайта жандандыру мүмкіндігін талқылады", - делінген хабарламада.  

Тараптар екі елдің көлік саласындағы ынтымақтастығының биылғы І тоқсандағы қорытындысын шығарды. Теміржол көлігімен тасымал көлемі  өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10 пайызға артып, 239 мың тонна болды. Автомобиль көлігі саласында 42 пайызға өсім болып, 65,2 тоннаны құрады. Транскаспий Халықаралық Көлік Бағытымен транзиттік тасымалдау көлемі 2 есеге ұлғайып, 7,4 мың контейнерге жетті.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде