{metadescription}
Ақтөбеде коронавирустан бір адам көз жұмды

Ақтөбеде коронавирустан бір адам көз жұмды

Ақтөбе қаласындағы инфекциялық ауруханада бір науқас көз жұмды.

Оның вирустан бөлек бірнеше созылмалы ауруы болған, деп хабарлады Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Әсет Қалиев.

«Ол бар болғаны бір тәулік инфекциялық ауруханада ем қабылдады. Зертханалық тексеру кезінде сынамадан вирус анықталғаны рас. Бірақ ол бұған дейін де жүрек-қан тамырлары ауруымен есепте тұрған. Палатада жүрегі тоқтап қалды. Бірден жансақтау бөліміне жатқызылып, дәрігерлер өмірін сақтап қалуға күш салды. Өкінішке қарай ес жимай кетті. Ол коронавирус инфекциясынан көз жұмған жоқ. Дегенмен вирус оның өліміне әсер етті ме деген сұрақтың жауабын комиссия шешімінен соң айта аламыз. Комиссия құрамында Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі бар», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.

Әсет Қалиевтің айтуынша, пандемия басталғалы бері Ақтөбе облысында коронавируспен 250 адам тіркелген. 63 науқас стационарда жатыр. Олардың екеуі жансақтау бөлімінде, біреуінің жағдайы өте ауыр, екіншісінікі ауыр. Вирус жұқтырғандардың арасында 17 бала бар, 10-ы сауықты.
 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде