{metadescription}
25 мамырдан бастап жолаушыларды шығарып салушылар әуежайға кіре алады

25 мамырдан бастап жолаушыларды шығарып салушылар әуежайға кіре алады

Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов ішкі әуе қатынастарында санитарлық-карантиндік талаптар жеңілдейтінін айтты.

Оның айтуынша, ішкі рейстер қайта жанданған кезде әуе көлігіндегі коронавирустық инфекцияның санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын ескере отырып, карантиндік шараларды жұмсартуға қойылатын талаптар кезең-кезеңімен қайта қаралатын болады.

"25 мамырдан бастап әуежай ғимаратына "шығарып салушыларды жібермеу" талабы алынып тасталады, қалған санитарлық-карантиндік талаптар, әлеуметтік қашықтық, маскалық режим, күшейтілген дезинфекция және басқаларды орындалуы тиіс", - деп мәлімдеді Байғабылов.

Айта кетейік, әуежайдың жеке күзет қызметі әуежай ғимаратының кіре берісінде барлық азаматтардың дене қызуын тексереді және бетперде болуы қажет. Санитарлық және карантиндік шараларды қатаң сақтау жағдайында әуежай терминалында тамақтану және сауда орындары жұмыс істейді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

05 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.