{metadescription}
Қызылордада 10 жасар бала суға ағып кетті

Қызылордада 10 жасар бала суға ағып кетті

Қызылорда қаласында 10 жасар бала суға ағып кетті.

Оқиға 23 мамырда жергілікті уақытпен сағат 18.00 шамасында болды. Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентіндегі каналға шомылған үшінші сынып оқушысы суға ағып кеткен.

«Қазір оның денесі іздестірілуде. Оған Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің 22 қызметкері тартылған. Әзірге нәтиже жоқ. Жыл басынан бері облыста 7 адам суға кетті. Былтыр бұл жағдайдан барлығы 26 адам қаза тапса, оның 10-ы бала. Аймақта әлі суға түсу маусымы басталған жоқ. Сондықтар тұрғындардан қауіпсіздік шараларына назар аударуын сұраймыз», - деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Бұдан бұрын Сырдария өзенінде суға батып бара жатқан 24 жастағы жігіт құтқарылған болатын.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде