{metadescription}
Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Тоқаев Рамазан айында сабыр сақтап, төзімділік танытқанның арқасында індетке байланысты қалыптасқан ахуал біршама тұрақтанғанын атап өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтады. 

"Сіздерді Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – ислам әлеміндегі айтулы әрі қастерлі мейрам. Ораза айт рухани тұрғыдан жаңаруға және кемелденуге үндейтін қасиетті Рамазан айына жалғасып, жақсылыққа жетелейді", - деді президент.

Имандылықпен берік үндес адамгершілік пен бауырмалдық, қарапайымдылық пен кішіпейілділік – ұлттық тәлім-тәрбиенің бастауы. Оны бүгінгі ұрпақтың өмір салтына айналдыру керек.

"Мейрам күндері күллі мұсылман қауымы бір-біріне қамқорлық жасап, мұқтаж жандарға қолдау көрсетеді. Мұндай игі істер біздің ырыс-ынтымағымызды арттыра түседі", - деді мемлекет басшысы. 

Тоқаев Рамазан айында сабыр сақтап, төзімділік танытқанның арқасында індетке байланысты қалыптасқан ахуал біршама тұрақтанғанын атап өтті. 

"Халқымыздың парасаты мол, бірлігі бекем болса, бұл сынақтан да сүрінбей өтеміз деп сенемін. Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және толайым табыс тілеймін!", - деп игі тілегін жеткізді. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде