{metadescription}
Нұр-Сұлтанда сауда орталықтарындағы мейрамханалар мен дәмханалар ашылады

Нұр-Сұлтанда сауда орталықтарындағы мейрамханалар мен дәмханалар ашылады

50 адамнан аспайтын орынға есептелген кейбір мекемелерге жұмыс істеуге рұқсат беріледі.

25 мамырдан бастап Нұр-Сұлтанда жобалық қуаттылығы 50 орыннан аспайтын дәмханалар мен мейрамханалар ашылады. Бұл туралы елорданың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жанна Пірәлиева хабарлады.

"Жобалық қуаттылығы 50 орыннан аспайтын дәмханалар мен мейрамханалардың жұмысын жандандырудың шарты – залдағы орын саны 50-ден аспауы тиіс. Келушілер орындар санына сай болуы керек, олар іргелес үстелдердің соңғы орындары арасындағы кем дегенде екі метр әлеуметтік қашықтықты сақтауы қажет", - делінген санитар дәрігердің қаулысында.

Сонымен бірге ұжымдық іс-шаралар өткізуге және банкет, салтанат залдарының жұмысына тыйым салынады. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде