{metadescription}
Алматыдағы блокпоста көлік апаты болып, полицей көз жұмды

Алматыдағы блокпоста көлік апаты болып, полицей көз жұмды

Алматыдағы блок бекеттердің бірінде жол апатынан полиция қызметкері көз жұмды.

Трагедия дүйсенбі таңертеңгі сағат 05:26-да Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ықшамауданында болды. Жаңа Ғасыр көшесімен қиылыста, Кожабекова көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан "BMW" маркалы автокөліктің жүргізушісі, 1992 жылы туған А.есімді қала тұрғыны №4 бақылау-өткізу бекетіне соқтығысқан.

Алдымен бетон қоршауға барып тиген, содан кейін инерциямен патрульдік көлікке соқтығысқан, оның салонында екі полиция қызметкері отырған. Өкінішке қарай, патрульдердің бірі, 42 жастағы Жалғас Жанғазиев алған жарақатынан жедел жәрдем келгенге дейін жан тапсырды. Оның әріптесі Дастан Абдықанов жақын жерде орналасқан ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілді. "BMW" жүргізушісі қамауға алынды. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.  

Дереккөз:  Polisia.kz
 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде