{metadescription}
Маса адамдарға коронавирус жұқтыра ала ма  - маман жауабы

Маса адамдарға коронавирус жұқтыра ала ма - маман жауабы

Кенелер мен масалар тіріліп жатыр, олар қауіпті аурулардың қоздырғышы екені белгілі.

Сарапшылар олардың "адамға коронавирус жұқтыруы мүмкін бе" деген сауалға жауап берді. Биология ғылымдарының докторы, профессор  Александр Чепурнов вирустың қан арқылы жұғу мүмкіндігі күмәнді екенін айтты.

"Коронавирустың адам ағзасына тыныс алу жолдары арқылы енеді, өйткені оның негізгі рецепторлары өкпе жасушаларында орналасқан", - деп түсіндірді ол.

Жоғары санатты терапевт Ольга Александрованың айтуынша, масалар мен кенелер тек өз бойында бар қоздырғыштарды жұқтыруы мүмкін.

"Коронавирус - бұл жәндіктер тарататыны белгісіз ауру. Иә, масалар бірнеше адамды қатарынан тістей алады, бірақ олар тістеген кезде алдыңғы құрбанның қанын басқасына тасымалдамайды", - деді ол.

Дереккөз: zakon.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.