{metadescription}
Адамдар құлпынайдың ішіндегі кішкентай дернәсілдерге байланысты оны жеуден бас тартты

Адамдар құлпынайдың ішіндегі кішкентай дернәсілдерге байланысты оны жеуден бас тартты

TikTok-та блогерлер құлпынайды неліктен мұқият жуу керек екендігін айтып, видео түсіруде.

Осылайша, lavender...lush есімді желі қолданушысы құлпынайды тұзды суға салып, бірнеше минутқа қалдырып қойсаңыз, одан жемістегі кішкентай дернәсілдердің шығып жатқанын көруге болатынын айтты. Видеодағы құрттарды көрген желі қолданушылар үрейленді. Осындай тіршілік иелерінің құлпынай ішінде өмір сүре алатындығына таң қалды.

Әлеуметтік желінің кейбір қолданушылары бұл видеоны көргеннен кейін ойларын өзгерткендерін және бұл жидектерді бұдан былай ешқашан жемеуге уәде беретіндерін айтты. Дегенмен, мұндай жаңалық бәріне бірдей ұнай қоймады. Пайдаланушылар дернәсілдерді тұтыну иммунитетті күшейте алады деп сенді. Олардың біреуі "артық ақуыз" деп те атады.

Дереккөз: stan.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде