{metadescription}
Қазақстанда ТЖ режимі кезінде түрмеден 300-ге жуық адам босады

Қазақстанда ТЖ режимі кезінде түрмеден 300-ге жуық адам босады

Қазақстанда төтенше жағдай режимі кезінде түрмеден 300-ге тарта адам босап шықты, деп хабарлайды ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті.

«Төтенше жағдай режимі кезінде сотталған 322 адам үйіне оралды. Оның ішінде 282 адам қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің ілесіп жүруімен тұрғылықты жеріне жеткізілді. Қалғаны туған-туыстарымен кетсе, кейбірі әлеуметтендіру орталықтары мен қоғамдық пансионаттарға орналастырылды», - деді комитет төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев.

Сотталған, бірақ түрмеден босатылған адамдарды үйіне дейін жеткізіп тастау туралы шешім карантин кезіндегі қозғалыстың күрделенуіне байланысты және коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында қабылданған.

«Сонымен қатар оны түрмеден тікелей жібере салса, бөтен қалада жұмыссыз қалып, қылмысқа қайта баруы мүмкін еді. Айта кетерлігі, ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті ТЖ уақытында бостандыққа шыққан адамдарды жеткізіп салу бойынша арнайы алгоритм бекіткен еді. Ол әлі де күшінде. Ең бірінші кезекте олардың блокпостан өту тәртібі мен өңірлердегі жедел штабтармен бірге алып жүру бағдарлары ретке келтірілді. Босатылғандарға ілесіп жүруге пробация қызметінің мамандары тартылды. Олар өз өңіріндегі блокпостар шегінде ілесіп жүрді. Жолда түрмеден шыққан азаматтар тамақпен және қорғаныс құралдарымен қамтылды», - делінген комитеттің хабарламасында.

Мәселен Шығыс Қазақстанда түрмеден шыққан 187 адам пробация қызметінің мамандарының көмегімен кедергісіз үйіне оралған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде