{metadescription}
Үй кешені жанындағы автотұрақта атыс болды

Үй кешені жанындағы автотұрақта атыс болды

Жексенбі күні Мәскеуде автотұрақта болған атыстан кейін 9 адам ұсталды.

«Қазіргі уақытта жараланған адаммен бірге, барлығы тоғыз күдікті ұсталды. Әрқайсысының атысқа қатысы бар-жоғы анықталуда», - деді құқық қорғау органындағы дереккөз.

Оқиға 24 мамыр күні кешке «Ясный» тұрғын үй кешені жанындағы автотұрақ аумағында болды. Атыс ұйымдастырғандар бірнеше көлікпен жасырынып үлгерген. Оларды іздестіру үшін «Қолға түсіру» жоспары жарияланды. Ұсталғандардың төртеуі – Орынбордан келген. Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, жанжалға сегізден көп адам қатысқан.

Алдын ала деректерге сәйкес, олар бір-біріне травматикалық тапаншадан және «Сайга», «Верь» аңшы мылтықтарынан оқ атқан. Аталған факті негізінде РФ Қылмыстық кодексінің үш бабы («Адам өлтіруге оқталу», «Заңсыз қару-жарақ айналымы», «Бұзақылық») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде