{metadescription}
Алматыдағы блокпостар әзір алынбайды

Алматыдағы блокпостар әзір алынбайды

Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов брифинг барысында айтты.

Қалаға кіреберістегі блок-бекеттердегі көлік кептелісіне қатысты түсінік берді.

«Бүгіннен бастап көптеген сауда орындары жұмысын қайта бастады. Соған байланысты сырттан келіп жұмыс істейтіндер қатары да, көлік легі де артты. Блок-бекетте тексеріс жүргізетін полиция қызметкерлерінің санын арттырып, қосымша планшеттер берілді. Дегенмен қалаға тек рұқсаты бар адамдар кіргізіледі. Қазір сырттан келіп жұмыс істейтін 250 мыңдай адам мәліметтер базасына енгізілген. Оның үстіне, саяжайға баратындарға рұқсат берілген. Соның бәрі блок-бекетте үлкен кептеліс тудырып отыр», - деді Қожағапанов.

Сөз арасында ол қала кіреберісіне қойылған блок-бекеттер жұмысы жалғаса беретінін айтты.

«Егер қазір блок-бекетті алып тастасақ, облыс пен қала арасындағы халық ағынын бақылай алмай қаламыз. Бұл коронавирустың кең таралуына әкеледі. Сондықтан біз оған жол бермеу мақсатында блок-бекеттерді ұстап отырмыз», - деді ол.

 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде