{metadescription}
Алматыда кинотеатрлар қашан ашылады

Алматыда кинотеатрлар қашан ашылады

Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қалада кинотеатрлар мен балаларды дамыту орталықтары қашан ашылатынын айтты.

"Кинотеатрлар ойын-сауық орталықтарында орналасқан. Екінші кезеңде біз фуд-корттардың ашылуын қарастырсақ, үшінші кезеңде кинотеатрлар, балаларға арналған ойын алаңдарының жұмысын қайта іске қоспақшымыз. Біз бұл сұраққа қаладағы эпидемиялогиялық жағдайға байланысты ораламыз", - деді Бекшин.

Сондай-ақ, Жандарбек Бекшин Алматыда балаларды дамыту орталықтарының ашылуы туралы айтты.

"Әдетте ондайда нашар желдетілетін бөлмеде 5-6 адам жиналады, сондықтан балаларға жеке сабақ өткізу қажет. Бұл мәселенің шешімін маусымның басына қарай қалдырдық", - деп атап өтті ол.

Еске салайық, Алматыда 25 мамырдан бастап қалада қоғамдық тамақтану нысандары, қонақ үйлер, жабық болған азық-түлік базарлары, ХҚКО, діни ғимараттар, СҮ, СО және СОО-ның кей бөлігі жұмысын бастады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде