{metadescription}
ДДҰ коронавирустың екінші толқынына қатысты мәлімдеме жасады

ДДҰ коронавирустың екінші толқынына қатысты мәлімдеме жасады

Қазіргі таңда әлем халқы коронавирустың бірінші толқынының ортасына енді келді.

Вирустың таралуы аз елдер бақылауды күшейтпесе, індеттің екінші толқынына тап болуы мүмкін. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай жөніндегі бағдарламасының директоры Майкл Райан айтты.

Оның айтуынша, қазір әлем коронавирус пандемиясының алғашқы толқынының бел ортасына жетті. Себебі Орталық және Оңтүстік Америкада, Оңтүстік Азияда және Африкада індетке шалдығу қарқынмен жалғасуда. Аурудың таралуы толқын тәріздес болады: өсімнен соң төмендеу байқалып, кейін жұқтыру қайта басталады.

"Қазір коронавирустың екінші толқыны жүріп жатқан жоқ, біз алғашқы толқынның ортасында ғанамыз. Дәл қазір әр елдегі науқастардың саны көп емес. (...) Жаһандық деңгейде айтатын болсақ, COVID-19 бірінші толқыны әлі аяқталған жоқ. Біз дерттің кез келген сәтте асқынып тарап кетуін есте сақтауымыз керек. Қазір қандай да бір қорытындыға келе алмаймыз, қазір науқастар саны азайып жатқанда, біз бірнеше ай екінші толқынға дайындалуымыз керек", - деді Майкл Райан.

ДДСҰ өкілі атап өткендей, мамандар "екінші толқын" ұғымын келесідей түсіндіруде: бірінші толқында сырқаттанғандар саны барынша төмен деңгейге дейін азаяды, ал бірнеше айдан соң ауру қайта өршиді және бұл бірнеше айдан кейін көптеген мемлекеттерде көрініс табуы мүмкін екен. Бұл ретте, пандемияның екінші кезеңі маусымдық тұмаумен тұспа-тұс келуі ықтимал.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде