{metadescription}
Алматы облысында блокбекеттер алып тасталады, бірақ карантин жалғасады

Алматы облысында блокбекеттер алып тасталады, бірақ карантин жалғасады

Алматы облысында карантин жалғасып жатыр, бірақ карантиндік шаралар кезең-кезеңімен әлсіретіледі.

Бұл туралы облыстың бас санитар дәрігері Қайрат Баймұхамбетовтің 25 мамырдағы кешке жарияланған қаулысында айтылады. Қаулы Алматы облысы аумағында СOVID-19 сырқаттанушылығының 4,6 пайыз өсуіне байланысты шыққаны айтылады. 

Онда Алматы облысында карантинді жалғастыру туралы айтылған. Алматы облысының аумағында (Талдықорған қаласы - 27 пайыз, Талғар ауданы - 7,5 пайыз, Кеген ауданы - 8,5 пайыз) карантин шараларын кезең-кезеңімен босаңсыту туралы шешім қабылданды. 

Талғар, Кеген аудандары мен Талдықорған қаласын қоспағанда және эпидемиологиялық жағдайға байланысты COVID-19 коронавирус инфекциясы бойынша қолайсыз аумақтардан/аумақтарға кіруге/шығуға коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі аудандық және қалалық ведомствоаралық комиссиялардың шешімі бойынша облыстың аудандары мен қалалары арасындағы блокбекеттерді алып тасталады.

Алматы облысының тұрғындары жабық үй-жайларда және көшелерде, соның ішінде сауда объектілерінде, қоғамдық орындарда, қоғамдық көлік аялдамаларында және басқа да көпшілік жиналатын орындарда бір-бірінен кемінде екі метр әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет. Барлық жерде, оның ішінде қоғамдық көлікте бетпердесіз болуға тыйым салынады.

Үш адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелерінің бетпердені кию және әлеуметтік қашықтықты сақтай халықтың жаппай жиналатын орындарына (саябақтар, скверлер, жағалаулар)шығуына рұқсат беріледі.

Саябақтарға, алаңдарға және скверлерге, ойын-сауық объектілерсіз жағалауларға үш адамнан аспайтын топтармен немесе әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, бір отбасы мүшелеріне баруға, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, аулаға шығуға (үш адамнан немесе бір отбасы мүшелерінен аспайтын топтарға) рұқсат етіледі. Саяжайға (қала сыртындағы үйге) бару үшін елді мекендерден кіруге/шығуға рұқсат етіледі.

Көрсетілген қаулы 2020 жылғы 25 мамырдан бастап күшіне енеді. Құжаттың толық мәтінін мына жерден оқуға болады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде