{metadescription}
Блокпостағы көлік апаты: Жүргізуші бұрын полицияда жұмыс істеген

Блокпостағы көлік апаты: Жүргізуші бұрын полицияда жұмыс істеген

Алматы облысы аумағындағы блокпосты қиратып, екі полиция қызметкерін мерт қылған жүргізуші бұрын ішкі істер органдарында жұмыс істеген.

BMW маркалы автокөліктің жүргізушісі бұрын құқық қорғау органдарында қызмет еткен. Алайда ол өз міндеттіне немқұрайлық танытқаны үшін жұмыстан босатылған.

«Өткізу пунктінде болған қайғылы оқиға бірден ішкі істер органдарында қызмет еткен екі полиция қызметкерінің өмірін қиды. Бірақ, ең өкініштісі, жантүршігерлік апатты жасаған жүргізуші бұрын полицияда істеген. Ол полицияда алты жыл қызмет етті, қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін төрт тәртіптік жаза алды. Бұл оның ішкі істер органдарынан кетуіне себеп болды. Бірақ одан кейін де ол өзі үшін дұрыс қорытынды жасай алмады. Заңды бұзып, ол рульге мас күйінде отырып, қылмыс жасады», - деді Алматы полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.

Алматы полициясының басшысы екі немесе одан да көп адамды өлтіргені үшін А.есімді азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын айтты (15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады).  Қазіргі уақытта ол қамауда.

Айта кетейік, 25 мамыр күні таңға жуық BMW жүргізушісі мас күйінде бетон қоршауға соғылып барып, инерциямен патрульдік полиция көлігін соққан. Соның кесірінен екі полиция қызметкері көз жұмды. Үшінші полиция қызметкері жансақтау бөлімінде жатыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде