{metadescription}
Алматыда коронавирустан мерт болғандардың зиратында 32 адам жерленген

Алматыда коронавирустан мерт болғандардың зиратында 32 адам жерленген

Алматыдағы коронавирус құрбандарына арналған арнайы жерлеу аймағында 32 адам жерленді.

Алматы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов коронавирустан қайтыс болғандардың зиратында неге 32 адам жерленгенін түсіндірді.

«Бүгінде қалада коронавирустан Алматыда 10 адам қайтыс болған. Қалған 22 адам - коронавирус инфекциясы қосымша диагноз ретінде жазылғандар», - деді Ерлан Кожағапанов.

Мұның алдында бірқатар БАҚ зиратта 32 адам жерленгенін, тағы 12 орын дайындалғанын жазған болатын. Айта кетейік, бүгінге дейін Алматыда коронавирустың жалпы 2276 жағдайы расталды. Індеттен жазылды - 1276 науқас.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде