{metadescription}
Алматыда көз жұмған полицейлер «Айбын» орденімен марапатталды

Алматыда көз жұмған полицейлер «Айбын» орденімен марапатталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы блок-бекетте қаза тапқан полицейлерді «Айбын» орденімен марапаттады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, құқық тәртібін қамтамасыз етуге белсене қатысқаны үшін наградталсын:

ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен

Жанғазиев Жарас Сұлтанғалиұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Алматы қаласының Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы;

ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен

Абдықанов Дастан Маратжанұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Алматы қаласының Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің полицейі.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 

Еске салайық, 25 мамыр күні таңға жуық BMW жүргізушісі мас күйінде бетон қоршауға соғылып барып, инерциямен патрульдік полиция көлігін соққан. Соның кесірінен екі полиция қызметкері көз жұмды. Үшінші полиция қызметкері жансақтау бөлімінде жатыр.

 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.