{metadescription}
1 маусымнан бастап қай қалаларға пойыздар жүре бастайды

1 маусымнан бастап қай қалаларға пойыздар жүре бастайды

Халықтың сұранысына және өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жолаушылар пойыздары биылғы 1 маусымнан жүре бастайды.

ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпаратына сәйкес, бастапқы кезде 54 пойыз жұмыс істей бастайды:

- Нұр-Сұлтаннан – Алматы, Маңғыстау, Өскемен, Сарыағаш, Семей, Арқалык, Павлодар, Петропавл/Қызыл ту, Орал, Жезқазган, Қызылорда;

- Алматыдан – Шымкент, Павлодар, Ақтөбе, Маңғыстау, Сарыағаш, Өскемен, Жезқазган, Орал, Петропавл, Қостанай;

- Кызылордадан – Семей, Көкшетау, Петропавл;

- Қостанайдан – Қарағанды; Арқалык;

- Қарағандыдан – Жезқазған;

- Қызылордадан – Көкшетау, Петропавл,

- Маңғыстаудан – Ақтөбе бағыттары және қаламаңы қатынастары.

Екінші кезең – 10 маусымнан бастап 39 пойызды жолға шығару жоспарланып отыр. Оның ішінде:

- Нұр-Сұлтаннан - Алматы, Атырау, Достық, Орал, Айсары, Шымкент;

- Алматыдан - Атырау, Ақтөбе, Орал, Өскемен, Түркістан, Петропавл;

- Атыраудан - Маңғыстау, Ақтөбе, Құлсары, Карабатан бағыттары және қ аламаңы бағыттары.

Үшінші кезеңде аймақтарда санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай, сонымен бірге көрші елдермен келіскеннен кейін 15 пойызды жүргізу көзделген. Оның ішінде:

- Алматыдан - Ташкент, Саратов, Үрімші, Новосібір, Қазан;

- Нұр-Сұлтаннан – Челябі;

- Қарағандыдан - Мәскеу, Омбы, Томск;

- Атыраудан - Астрахан бағыттары.

"Қазіргі кезде жолаушылар билеттері сатылып жатыр. Барлық инфраструктуралық нысандар санитарлық талаптарға сәйкес тасымалдар жасауға және құрамдар сапарға шығуға дайын. Жолаушылардың және пойыздардың бригада қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тасымалдар rөліктегі мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің ұсынымдарына сәйкес атқарылады", - деді министрліктен.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.