{metadescription}
Қазақстанда оқушылар үшін жазғы мектеп ұйымдастырылады

Қазақстанда оқушылар үшін жазғы мектеп ұйымдастырылады

Қазақстандық оқушылар 17 тамыздан бастап екі апталық дайындық курсынан өте алады.

Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов министрліктің аппарат жиналысында мәлімдеді. 17 тамыздан бастап мектептерде жазғы мектеп форматында екі апта дайындық шарасы өткізіледі. Білім министрлігінің басшысы бұл курстарға қатысу оқушылардың еркінде екенін және мұғалімдер ешкімді келуге мәжбүр етпейтінін атап өтті.

"Өңірлер бұл жұмысты бастап кетті. Негізі пәндер бойынша дайындық өткізуімз керек: математика, қазақ, орыс тілдері және басқа пәндер. Бұл жұмысты ұйымдастырғанда, біз балаларға өз еркімен қатысу мүмкіндігін беруіміз керек. Сондықтан мәжбүрлеп, бәрі жазғы мектепке қатысуы тиіс деген талап қойылмайды. Біз тек мүмкіндік береміз. Осыны еске салғым келеді", - деді Аймағамбетов.

Ол тамыздың ортасында мұғалімдер еңбек демалысынан шығатынын айтты. Сондықтан дайындық курстарын өткізуге ешқандай кедергі болмайды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде