{metadescription}
Әскери тікұшақ құлап, төрт адам қаза болды

Әскери тікұшақ құлап, төрт адам қаза болды

Ресейде әскери тікұшақ апатқа ұшырап, төрт адам қаза болды.

Оқиға Чукоткада бүгін, 26 мамырда орын алды. Ми-8 тікұшағының құлаған сәті видеоға түсіп қалған. Бейнежазбада әскери борттың әуеге көтеріліп барып, артынша айналып, жерге құлағаны байқалады. Тікұшақта болған 4 адамдық экипаж мүшелері аман қалмаған. 

Алдын ала болжам бойынша, апаттың себебі - тікұшақта техникалық ақаулардың болуы. Қазіргі таңда аталмыш оқиға бойынша тексеріліс басталып, қылмыстық іс қозғалған. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде