{metadescription}
Көлгінов Нұр-Сұлтандағы блок-бекеттер қашан алынатынын айтты

Көлгінов Нұр-Сұлтандағы блок-бекеттер қашан алынатынын айтты

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов қаланың сыртындағы блок-бекеттер мамырдың соңына дейін алынбайтынын айтты.

"Мамырдың соңына дейін блок-бекеттер алынбайды. Айдың соңына тама бұл туралы тағы да хабарлаймыз. Жағдай бақылауда", - деді әкім. 

Бұған қоса ол айдың соңына дейін облыс аумағында жүретін автобустардың қатынасы әлі жанданбайтынын атап өтті. 

"Егер қаладағы эпидемиялогиялық жағдай тұрақталса, маусымнан бастап облыстық автобустарды жүргіземіз", -деп қосты Көлгінов. 

Елорда әкімі қалада спортпен шұғылдануға рұқсат берілгенін, дегенмен жаттығу залдары әлі жабық екенін ескерді. 

"Дәрігерлер фитнес орталықтарды ашуға кеңес бермейді. Бұл мәселеге де кейінірек ораламыз", - деді шенеунік.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде