{metadescription}
Қызылордада 4 күн бұрын суға кеткен баланың мәйіті табылды

Қызылордада 4 күн бұрын суға кеткен баланың мәйіті табылды

Қызылорда қаласында каналға суға ағып кеткен он жастағы баланың мәйіті табылды.

Естеріңізге сала кетелік, Оқиға 23 мамырда жергілікті уақытпен сағат 18.00 шамасында болды. Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентіндегі каналға шомылған үшінші сынып оқушысы суға ағып кеткен. Баланы іздестіруге 53 адам жұмылдырылды.

«Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс жағдайларында басқару басқармасына жергілікті тұрғыннан жергілікті уақытпен сағат 17.38-де қалаға қарасты Абай ауылы тұрғынынан хабар келіп түсті. Онда «Ешпан» күріш алқаптарын суармалы каналында жасөспірімнің мәйіті табылғаны айтылған. Ол Тасбөгет кенті аумағындағы каналдың суға түсуге арналмаған аумағында суға батып кеткен 2010 жылғы жасөспірімнің мәйіті екені анықталды. Мәйіт Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті жедел құтқару жасағының құтқарушыларымен судан шығарылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Ведомствоның мәліметінше, жыл басынан бері облыста 7 адам суға кетті. Былтыр бұл жағдайдан барлығы 26 адам қаза тапса, оның 10-ы бала.

«Аймақта әлі суға түсу маусымы басталған жоқ. Сондықтан тұрғындардан қауіпсіздік шараларына назар аударуын сұраймыз», - деді департамент мамандары.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде