{metadescription}
Денсаулық сақтау министрі жұмыс тәртібіне қатысты кеңес берді

Денсаулық сақтау министрі жұмыс тәртібіне қатысты кеңес берді

Біртанов кеңсе қызметкерлерінің 50 проценті қашықтан жұмыс істеуі керек деп есептейді.

Сол кезде инфекцияның таралуын тоқтатуға болады. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирусты ұжымда жұқтырған науқастардың күрт көбеюіне байланысты жұмысты барынша қашықтан жүргізуге кеңес берді.

"Қазіргі кезде көп науқас вирусты жұмыс орнында жұқтырып жатыр. Сондықтан мүмкіндігінше жұмыс орнындағы адамдардың санын азайтуымыз қажет. Интернет арқылы қашықтан жұмыс істеуіміз керек. Мысалы, кеңсе қызметкерлерінің 50 проценті қашықтан жұмыс істей бергені жөн. Сол кезде адамдардың арасы алшақ болып, инфекцияның таралуы тоқтайды", - деді Біртанов бүгінгі онлайн брифингте.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде