{metadescription}
Алматыда 150 коронавирус ошағы бар

Алматыда 150 коронавирус ошағы бар

Бүгінде Алматыда 150 коронавирус ошағы бар.

Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты.

«Індет ошақтарына келер болсақ, коронавирус жұқтырған алғашқы адам тіркелген уақытта 613 ошақ болды, 463 ошақтан шектеу шаралары алынып тасталды, енді бүгінде 150 ошақ бар. Алатау ауданында – 59, Медеу ауданында –24, Бостандық ауданында –25, міне, осы үш ауданда көп болып тұр», - деді Алматы әкімі брифинг барысында.

Сағынтаевтың айтуынша, Алматыда коронавирус жұқтырғандардың саны 22 сәуірде көп болды. Ол кезде 132 ошақтан вирус анықталған. Ал кейін науқастар саны біртіндеп азайған.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде