{metadescription}
Ақмола облысында мас жүргізуші екі адамды қағып кетті

Ақмола облысында мас жүргізуші екі адамды қағып кетті

Ақмола облысында екі жаяуды жүргіншіні қағып кеткен мас жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, мамырдың 24-де Шортанды ауданында 35 жастағы жүргізуші «ВАЗ-2106» автокөлігімен жолдың оң жақ тұсымен (жолдың бұл тұсында тротуар жоқ) жүріп бара жатқан екі жаяу жүргіншіні қағып кетті.

«Медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша жүргізуші орташа деңгейде мас болған. Зардап шеккендер 36 жастағы әйел мен 9 жастағы қыз бала ауруханаға жатқызылды», - деп мәлім етті ведомстводан.

Тәртіп сақшылары атап өткендей, осы оқиға байланысты ҚР ҚК 345–1 бабының 1 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары одан әрі жалғасуда.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде