{metadescription}
Бірінші сыныпқа баратын бала тест тапсыра ма

Бірінші сыныпқа баратын бала тест тапсыра ма

ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті Алматы қалалық департаментінің басшысы Гүлнәр Ермекбаева онлайн- брифинг барысында 1-сыныпқа баратын балалар ешқандай тест тапсырмайтынын жеткізді.

«Балалары бірінші сыныпқа баратын ата-аналарға айтарым, 1-сыныпқа баратын балаларды тестілеуден өткізуге бірде-бір мектептің құқығы жоқ. Олар бәрін қабылдауға міндетті. Биыл өтінім электронды түрде eGov арқылы беріледі. Егер мұндай жағдайлар болса, бізге хабарласыңыз. Бізде сайт және Call-орталық бар. Мектеп табалдырығын аттағалы тұрған баланы тестен өткізуге ешкімнің құқығы жоқ», - деді Гүлнәр Ермекбаева.

Сонымен қатар, ол барлық балаларды 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады. Бұған дейін, департамент басшысы Алматыда жазғы мектеп ұйымдастыру жоспарланып отырғанын айтқан болатын.

Биыл 1-ші сыныпқа қабылдау, мектептен мектепке, сыныптан сыныпқа ауыстыруға құжаттар egov.kz порталы арқылы қабылданады. Қабылдау мерзімі - 1 маусым – 30 тамыз аралығы.

Бұл ретте, 1-сыныпқа баратын оқушының ата-анасынан (заңды өкілдерінен) 4 құжат қана сұралады:

  • - өтініш (еркін түрде);
  • - баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  • - бала денсаулығы туралы анықтама (медициналық паспорт);
  • - 3x4 көлеміндегі екі фото тапсырылады.
ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде