{metadescription}
Қазақстанда Арменияда әкелінген көліктерді тіркеу ережелері жарияланды

Қазақстанда Арменияда әкелінген көліктерді тіркеу ережелері жарияланды

ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев армениялық нөмірлі көліктерді тіркеу туралы қаулысы жарияланды.

Жаңа ережелер 1 маусымнан бастап іске қосылады. Атап айтатын болсақ, Армениядан Қазақстанға 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген көліктер А сериялы сары түсті нөмірлерге ие болады. Бұған қоса автокөлік нөмірінде тіркелген өңірдің коды көрсетіледі. 

Темір тұлпарды тіркеуге мына құжаттар қажет: 

жеке куәлік;

мемлекеттік салық пен мемлекеттік тіркеуден өту үшін жасалған төлемнің түбіртегі;

көлік құралдарын тіркеу туралы куәлік және мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері. 

Сондай-ақ 1 ақпанға дейін Армения мемлекетінен алып келінген сол жақ рөлді көліктерді тіркеген кезде құжатта "басқа адамға тіркеуге болмайды" деп жазылады екен. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде