{metadescription}
Түркістан облысында жол апатынан төрт адам опат болды

Түркістан облысында жол апатынан төрт адам опат болды

Түркістан облысында сұмдық жол апатынан төрт адам қаза тапты.

28 мамыр шамамен сағат 14:30-да Жетісай-Шардара автожолының 8 шақырымы Кетебай ауылының бойында “Нексия” және “Лада-Vesta” маркалы екі жеңіл автокөлік бетпе-бет соқтығысты. Аталған жол-көлік оқиғасы салдарынан “Нексия” және “Лада-Vesta” көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы және “Лада-Vesta” көлігінің бір жолаушысы қаза тапты.

"Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасы болған жерде Жетісай аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы (жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды", - делінген ресми хабарламада. 

Полиция қызметкерлері оқиғаның толық мән-жайын анықтап жатыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.