{metadescription}
Қостанай облысында зираттан нәрестенің денесі табылды

Қостанай облысында зираттан нәрестенің денесі табылды

Жітіқара ауданында зират ішінен жаңа туған сәбидің денесі табылды.

Нәрестенің өлімі туралы мәлімет әлеуметтік желіде тараған. Онда баланың пакетте бірнеше сағат жатқаны жазылған. Ақпаратты Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Нәресте көз жұмған, дене жарақаттары табылмады.

«Бұл дерек бойынша аудандық полиция бөлімі тергеу жұмыстарын бастады. Қызметкерлер сәбидің анасы мен куәгерлерін іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Тергеу барысында сараптама тағайындалды», - деді полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ирина Беженарь агенттік тілшісіне.

Нәрестенің денесінде дене жарақаты болмаған. Қазір қылмыстық кодекстің 100-бабы бойынша тергеу жүргізілуде.

 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.