{metadescription}
Әлемдегі ең қарт ер адам көз жұмды

Әлемдегі ең қарт ер адам көз жұмды

Британияда әлемдегі ең қарт ер адам Роберт Уэйтон қайтыс болды.

Альтон қаласындағы қарттар үйінде тұратын Боб Уэйтонға 112 жас және 60 күн болған. Өлім себебі онкологиялық ауру болды.

Ақпан айында Уэйтон 112 жастағы жапон азаматы Титэцу Ватанабе қайтыс болғаннан кейін әлемде ең ұзақ өмір сүруші ер адам деп танылған еді. Роберт Уэйтон 1908 жылы 29 наурызда Шығыс Йоркширдегі Халл қаласында дүниеге келген. Британдық өмір бойы инженер болып жұмыс істеген. Оның артында екі баласы, 10 немересі және 25 шөбересі қалды.

Уэйтон қайтыс болғаннан кейін, 1908 жылы 8 қарашада дүниеге келген Румыния тұрғыны 111 жастағы Думитру Команеску және 1909 жылы 8 ақпанда дүниеге келген испандық Сатурнино де ла Фуенте әлемдегі ең қарт ерлер атағына үміткерлер болды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.