{metadescription}
Қазақстанда кімдер тегін ұша алатыны белгілі болды

Қазақстанда кімдер тегін ұша алатыны белгілі болды

Қазақстандықтар енді екі баласы үшін ұшаққа билет сатып алмаса да болады.

Бұл туралы "Қазақтуризм" ұлттық ұйымының баспасөз қызметі мәлім еттті.  Жоба"1+2" есебімен 2 жастан 15 жасқа дейінгі балалар үшін ел ішінде ұшуға кететін шығынды өтеуді көздейді.

"Қазақстандықтардың ел аумағында демалуға деген ынтасын арттыру үшін KIDS GO FREE жобасын қолға алды. Қазіргі таңда аталмыш бағдарлама қаржы министрлігі тарапынан республикалық бюджеттік комиссияға тексеріске жіберілді", - делінген ресми хабарламада. 

Ұлттық компанияның пікірінше, бұл демалысты 30%-ке арзандатуға мүмкіндік береді. 100 мың отбасы немесе 600 мың қазақстандық үшін 7,6 миллиард теңге субсидияланған кезде, 33 миллиард теңгеден астам қаржы ел экономикасына түседі. Яғни, Қазақстан экономикасына бір теңге субсидияға 5 теңге келеді.

Атап кетерлік жайт, ҚР ұлттық экономика министрлігінің статистикалар комитетінің мәліметіне сүйенсек, өткен жылы бір қазақстандықтың демалысқа жұмсаған орташа ақшасы 108 мың теңге (263 долларды) құраған. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.