{metadescription}
Әкесі ар-намыс үшін қызының басын кесіп тастаған

Әкесі ар-намыс үшін қызының басын кесіп тастаған

Иранда ар-намыс үшін өзінің 14 жастағы қызының басын шауып тастаған ер азаматтың оқиғасы жұртты дүр сілкіндірді.

Бұл ақпарат лезде жергілікті басылымдардан әлем халқының құлағына жетті. Сұмдық жайт Иранның Талеш қаласында орын алған. Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, ер адам қызының басын орақпен кесіп тастаған. 

Ромина Ашрафи есімді марқұм қыз 35 жастағы ер азаматқа ғашық болып, үйінен қашып кеткен. Алайда оның әкесі олардың ара-қатынасына қарсы болыпты. Полицейлер қыздың "қайтқысы келмейтінін, тіпті, отбасындағылар оны өлтіруі мүмкін" деген сөзіне қарамастан жеткіншекті үйіне қайтарыпты. Біраз уақыттан кейін Романа көз жұмғаны белгілі болыпты. 

Қылмыс жасаған әкесі суық қарумен бірге полицейлерге келіп, өзі берілген. Иран заңы бойынша, оның он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл оқиғадан кейін елде жаппай толқулар болып өткен сыңайлы. Осыған байданысты Иран басшысы Хасан Роухани әйелдерге озбырлық көрсетуге жол бермеу үшін заңды қатаңдату керектігін айтыпты. Атап кетерлік жайт, Иранда қыздарға 13 жастан бастап тұрмыс құруға рұқсат берілген.

Дереккөз: Stan.kz 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.