{metadescription}
Алматыдағы бірқатар ірі сауда орталығында санитарлық талаптар сақталмаған

Алматыдағы бірқатар ірі сауда орталығында санитарлық талаптар сақталмаған

Алматыда жүргізілген рейд барысында 85 кәсіпкерлік нысанда санитарлық талаптар бұзылғаны анықталды.

«27-28 мамырда аудандық әкімдіктер мен эпидемиологтер қызмет көрсету, қоғамдық тамақтану орындары, үйлердің қасындағы дүкендерге рейд жүргізді. 147 нысан тексерілді», - деді әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Тексеру нәтижесінде 2 күнде 85 нысанның басшысына айыппұл салынды. М.Әуезов ауданында – 11, Алатау ауданында – 21, Алмалы ауданында -10, Бостандық ауданында – 10, Жетісу ауданында – 4, Медеу ауданында -17, Наурызбай ауданында -3, Түрксіб ауданында - 9 нысанның басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Атап айтқанда, «Mr Donerci», «Чай La», «Райски Сад», «Master Kafesi», «Оазис» дәмханалары, «Olivier», «Свет», «Noodles» мейрамханалары, «Basilic» асхана желісі, «Fantazy» шаштаразы, «Аделя» сән салоны, «Рахат», «Какаду», «Зарина» азық-түлік дүкендері, шина жөндеу мен көлік жуу орталықтары бар. Одан бөлек ірі сауда орындарынан «АДК» сауда ойын сауық орталығы, «Grand Park» сауда ойын сауық орталығы, «Sulpak» дүкенінде санитарлық талаптар бұзылғаны анықталды.

Айта кету керек, Алматыда шағын және орта бизнестің 80%-ның жұмысы қайта жанжанды. 18 мамырдан бастап туризм саласындағы нысандар мен ұялы байланыс абоненті бөлімдері ашылды. 25 мамырдан бастап ауданы 500 шаршы метрден асатын сауда орындары мен қоғамдық тамақтану орындары, қонақ үйлер клиент қабылдай бастады.

Дереккөз: ҚазАқпарат
 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.