{metadescription}
Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдері экспортына енгізілген шектеуді алып тастайды

Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдері экспортына енгізілген шектеуді алып тастайды

Бұған дейін төтенше жағдай кезінде елдің ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін экспортқа шектеу енгізілген болатын.

Қазақстан коронавирус індетіне байланысты ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауға енгізілген шектеулерді алып тастайды. Барлық шектеу осы жылдың 1 маусымынан бастап алынып тасталады, деп хабарлады ауыл шаруалығы министрлігінің баспасөз қызметі. Жаңа құжат 2020 жылдың 2 және 4 сәуіріндегі "Қазақстан аумағынан жекелеген тауарларды шығарудың кейбір мәселелері туралы" бұйрықтарын жарамсыз деп таниды.

Жаңа бұйрықтың орындалуын ауыл шаруашылығы вице-министрі бақылайды.

Бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдайға және мемлекет басшысының ішкі нарықта әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тапшылығын болдырмау туралы бұйрығына байланысты, ауыл шаруашылығы министрлігі азық-түлік қауіпсіздігі және егін жинау алдында жеткілікті қорды сақтау мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдері экспортын уақытша реттеуді енгізді. Төтенше жағдай режимі 16 наурызда басталып, 11 мамырда аяқталды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.