{metadescription}
Китакюсю қаласында індеттің екінші толқыны басталғандығы жарияланды

Китакюсю қаласында індеттің екінші толқыны басталғандығы жарияланды

Жапонияның оңтүстік батысындағы Китакюсю қаласында коронавирус жұқтырудың жаңа оқиғалар саны өскен соң, індеттің жаңа толқыны туралы жарияланды.

Бұл туралы қала мэрі Кенджи Кітахасі мәлім етті.

«Біз аурудың екінші толқынының ортасында жүрміз», - деді қала басшысы.

Қалада 30 сәуір мен 22 мамыр күндері аралығында ауру жұқтырудың расталған оқиғалары болған жоқ, алайда соңғы алты күннің ішінде індет жұқтырған 43 дерек тіркелген, соның ішінде 21-і бір тәулікте орын алған. Бірнеше күн бұрын Жапония елінің премьер-министрі Синдзо Абэ елде коронавирус пандемиясына байланысты төтенше жағдай режимін алып тастаған болатын.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.