{metadescription}
Алматыдағы ірі көлемдегі өртті сөндіру үшін тікұшақ жұмылдырылды

Алматыдағы ірі көлемдегі өртті сөндіру үшін тікұшақ жұмылдырылды

Қоймадағы ірі өртті сөндіруге тікұшақ жұмылдырылды.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің соңғы мәліметтері бойынша, өрт орнында 100 адам, 24 техника, 6 су тасымалдайтын автокөлік тартылғаны жайында КТК тілшісі Мақсат Мәлік хабарлады. Одан бөлек Қазәуеқұтқарудың МИ-171 (703) тікұшағы өртті сөндіруге жұмылдырылды, енді тағы бір тікұшақ - ССА МИ-8 AMT дабыл белгісімен көкке көтерілуге дайындалып жатыр. Өрт Түрксіб ауданында Бекмаханов көшесі, 96 б мекен-жайындағы қоймадан шыққан. Бой бермей жатқан алаудың көрші нысандарға қарай ұласу қаупі бар.

Еске сала кетейік, пойыздағы жаңа тәртіп туралы айтылғанын жазған болатынбыз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде