{metadescription}
Қазақстанда көлікте темекі шегушілерге айыппұл салынады

Қазақстанда көлікте темекі шегушілерге айыппұл салынады

Қазақстандық темекі шегушілерге егер көлікте кәмелетке толмаған бала болса, айыппұл салынады.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» туралы жаңа Кодекспен қатар ҚР ӘҚБК-не де өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. Құжат жобасы мен өзге заңнамалық актілерге енетін түзетулерді мәжіліс мақұлдады.

Kolesa.kz хабарлағандай, жаңа кодекс қабылданғаннан кейін әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске тиісті өзгерістер енгізілетін болады. Түзетулер ішінде кәмелетке толмағандармен бірге автомобильде темекі шеккені үшін 10-нан 20 АЕК-ке дейін (27 780-ден 55,560 теңгеге дейін) айыппұл қарастырылған.

Мәжілістің оң шешімінен кейін құжат сенат қарауына жіберілді. Егер жоғарғы палата оны мақұлдаса, президентке жолданады. Халық қалаулылары көлікте шылым шегетіндерге алғаш қарсылық танытып отырған жоқ. Бұрын «Жол жүрісі туралы» заңды қарастыру барысында олар темекі жүргізушінің ойын бөледі деген желеумен олардың рөлде отырып шылым шегуіне тыйым салмақ болған. Бірақ ол кезде бұл идея құжат мәтініне енбеді.

Мәжіліс мақұлдаған нұсқада параграф келесідей:

Темекі өнімдерін, оның ішінде қыздырылған темекі өнімдері, кальянға арналған темекі, кальян қоспасы, темекіні жылытуға арналған жүйелер, электронды темекі тарту жүйелері мен оларға арналған сұйықтықтарды пайдалануға тыйым салынады:

1) білім беру ұйымдарында және оның аумағында, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға арналған демалыс ұйымдарында;

2) денсаулық сақтау ұйымдарының жанында;

3) тамақтану орындарында;

4) мәдени нысандарда, мұражайларда, кітапханалар мен дәрісханаларда, кинотеатрларда, театрларда, цирктерде, концерттерде, көрмелерде және спорттық-сауықтыру ұйымдарында, спорттық ареналарда және жаппай демалуға арналған басқа да объектілерде;

5) түнгі клубтарда, дискотекаларда;

6) жергілікті және қалааралық пойыздарда, әуе, теңіз және өзен көлігі кемелерінде, сондай-ақ қалалық, қала маңындағы және қалааралық автомобильдер салондарында, метрода,

жолаушылар мен багажды, таксиді тұрақты және тұрақты емес автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыратын қоғамдық көліктер;

7) әуежай ғимараттарында, теміржол, автомобиль және су станцияларында, жабық аялдамаларда, қоғамдық көліктерде;

8) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда;

9) жұмыс орны және жұмыс алаңы болып табылатын үй-жайларда;

10) үйлердің кіреберістерінде;

11) жанармай құю станцияларының үй-жайларында және аумағында;

12) ойын алаңдарында;

13) жерасты өткелдерінде;

14) автомобильде кәмелетке толмағандар болған кезде.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде