{metadescription}
Алматыда жол апаты салдарынан көлік аударылып кетті

Алматыда жол апаты салдарынан көлік аударылып кетті

Сенбіге қараған түні Алматының Достық даңғылында жол талғамайтын көлік пен жеңіл көлік апатқа ұшырады.

Жүргізушілер мен куәгерлердің айтуынша, Hyundai Solaris пен Mercedes Benz GLE Достық даңғылының бойымен оңтүстік бағытта бірінің артынан бірі келе жатқан. Hyundai Solaris жүргізушісі айтқандай, Mercedes өткізіп жібер деп шам жарығымен белгі берген.  Hyundai сәл оңға қарай ығыса бергенде, Mercedes бірден басып озып, Hyundai-ды бар жылдамдықпен қағып өтіп, аударылып қалған.

Жол апаты салдарынан бес адам жарақат алды – Mercedes жүргізушісі мен үш жолаушысы және Hyundai жолаушысы. Дәрігерлер қарап шыққаннан кейін барлығы ауруханаға жатудан бас тартты.  

"Қазір аталған жайт бойынша әкімшілік іс қозғалды. Бұл жағдай Медеу ауданыны полицейлерінің бақылауында. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары жалғасуда", - деді Алматы қалалық ПД өкілі Салтанат Әзірбек. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде