{metadescription}
ШҚО-да ұшақ өртенді

ШҚО-да ұшақ өртенді

Семей - Үржар бағытындағы АН-2 ұшағы әуежайға қонғаннан кейін өртенді.

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлайды. 30 мамырда сағат 15:31-де «Тараз Жаңа Әлем» әуе компаниясының АН-2 ұшағы қонғаннан кейін өртенді.

«Әуе кемесі Семей - Үржар бағыты бойынша TJA5221 санитарлық рейсін орындады. Ұшақ 15:25-те қонды. Өрт ұшақ жерге қонғаннан кейін болған, әуе кемесінің бортында адамдар болған жоқ. Сағат 15:50-де өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің авиациялық оқиғаларды тексеру басқармасы оқиға тергеуін бастады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.