{metadescription}
Карантин кезінде 20 жылдықтарын тойлаған түлектердің видеосы тарады

Карантин кезінде 20 жылдықтарын тойлаған түлектердің видеосы тарады

Әлеуметтік желіде карантиндік шектеулерге қарамастан мектеп бітіргендердің 20 жылдығын тойлаған отырыстың видеосы қызу талқылануда.

Желі қолданушылары отырыстың көркін қыздырушылардың арасында Түркістан облысындағы құзырлы орган өкілдері мен Шымкент қаласының Полиция департаменті қызметкерлері бар екенін жарыса жазған. Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова отырыстың биыл 24 мамыр күні болғанын растады.

Оның айтуынша, осы таратылған видеоға байланысты Жетісай аудандық ПБ арнайы тексеру шараларын жүргізген. Нәтижесінде отырыстың Жетісай қаласындағы мейрамханалардың бірінде өткені анықталған.

«Әлеуметтік желіде жарияланған видео бойынша 25 мамырда Жетісай АПБ ЖПҚ-нің қызметкерлері ҚР Әкімшілік кодексінің 425- бабына сәйкес жинақталған материалдарды аудандық бас санитарлық дәрігеріне шара қолдану үшін жолдады», - дейді Салтанат Қаракөзова.

Ал, Шымкент қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері қазіргі таңда осы бейнежазбаға байланысты тексеру шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Айта кетейік, Түркістан облысы мен Шымкент қаласында карантиндік шектеулер 8 маусымға дейін ұзартылған. Оған сәйкес барлық қоғамдық тамақтану орындары жабық болуы керек.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде