{metadescription}
Жасырын компьютер клубының атын жамылып жұмыс істеген казино анықталды

Жасырын компьютер клубының атын жамылып жұмыс істеген казино анықталды

Алматыда компьютер клубының атын жамылып астыртын түрде онлайн казино жұмыс істеп келгені белгілі болды.

Аталмыш жерге кез келген адам кіргізілмейді екен, тек казиноның тұрақты клиенттері бұл жерге келіп ойындарын қандыратын сыңайлы. Заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқанда күдікті сейілту үшін ғимарттың сыртына "компьютер клубы" деп жазуды ұмытпапты. Әр компьютерде ақша құйып, оны еселеуге жылтыраған жарнамасымен шақыратын ойындар самсап тұр. Ойынханадан 50 дана компьютер мен көлеңкелі айналымнан түскен 210 мың теңге тәркіленіпті. 

"Ол жерге кірген адамдар кассаға ақшасын береді. Кассаға берген ақшаны компьютерге салып, сол арқылы электронды түрде казино ойнаған. Ұйымдастырушыларға ҚР ҚК-нің 307 – "аңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру" бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - деді Алматы қаласы Экономикалық тергеу департаментінің ресми өкілі Жақсылық Мырзахан.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.