{metadescription}
Нұр-Сұлтанда бірқатар сауда орталығы қайта жабылды

Нұр-Сұлтанда бірқатар сауда орталығы қайта жабылды

Екі күн ішінде алпыстан астам нысан тексерілді, жиырма екі нысанда санитарлық нормалар бұзылғаны анықталды.

Елордада санитарлық нормаларды бұзған 14 сауда нысаны қайта жабылды. 28-29 мамыр аралығында арнайы комиссия 60-тан аса нысанды тексерген. Бұған дейін "Еуразия"сауда орталығына бірнеше рет ескерту жасалған. Алайда соңғы рейд кезінде заң бұзушылықтар жойылмағаны анықталды.

Санитарлық дәрігердің рұқсаты болмаса да, сауда орталығында маникюр кабинеті мен басқа да қызметтер іске қосылған. Рейдтік топ, сонымен қатар, "Аспан" базарында да болды.

"Рейд барысында 60-тан астам нысан тексерілді. Тексеріс қорытындысы бойынша 22 нысанда санитарлық нормалар бұзылғаны анықталды, 14 нысан санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуын қамтамасыз етпейінше жабық болады", - деп мәлімдеді әкімдіктен.  

Негізгі заңбұзушылықтар: қызметкерлердің маска режимін сақтамауы; тепловизорлардың жоқтығы; қызметкерлерді дене қызуын өлшеп тіркеу журналы; ауаны зарарсыздандыру үшін бактерицидті шамдар мен диохлор құралдарының болмауы, қоғамдық тамақтану орындарында үстелдер арасында ара қашықтықтың сақталмауы.

Бұған дейін санитарлық талаптарды бұзған 34 нысан жабылған еді. Оның ішінде құрылыс комапниялары, дүкендер, дәмханалар мен мейрамханалар бар. 150 кәсіпорын ескерту алды.

Дереккөз: astana.gov.kz

 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде